Мектеп – барлық рухани өркениеттің ошағы. Ол бейне адам мәнерлейтін зауыт сияқты. Болашақтың саналы, сапалы адамдарын қолдан жасап, қоладан құйып алуға болмайды.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Болашақтағы мектеп – бұл мәдениеттің, білім мен тәрбиенің ошағы, жан – дүниеңді, эстетикалық талғам мен интеллектуалдық дамытудың, оқушының сана – сезімін жаңа денгейге тез жеткізу үшін мүмкіндік жасайтын үздіксіз білім берудің кешенді орталығы. Мектеп – жан -жақты дамуға жағдайлар туғызатын, адамның өз бетімен білімін жетілдіруіне жағдай жасайтын, таңдау мүмкіндіктерін туғызатын, еркін және шығармашылық тұрғыда қызмет жасауға мүмкіндік жасайтын ошақ болуы қажет. Бұл үйлесімді өмір мектебі. Болашақ мектептің басты міндеті ең алдымен, нағыз адамды тәрбиелеп шығу. Шығыстың бір ғұламасы: “Ғалым болу оңай, адам болу қиын” – деген екен. Бұл сөздің тұңғиық көк иірімі талайларды батырып ала жөнелетіні анық. Бұл жерден сіздер мектеп өмірі туралы, оқушылары мен мұғалімдерінің жетістіктері туралы жан-жақты мәлімет ала аласыздар...
Сіздерді пікірлесуге шақырамыз. Приречный ЖОББМ-ң директоры Жаксыбеков Мейрамбек Жаксыбекович